ОҢТҮСТІК ӨҢІР ӨНДІРІСІНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ЕНГІЗІЛМЕК

Шымкент қаласына «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығының өкілдері жұмыс сапарымен келді. Іссапардың басты мақсаты  өнеркәсіп секторына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, сондай-ақ кәсіпорындардың технологиялық жетілу деңгейін бағалау.

Кездесу барысында «Бал Текстиль» кәсіпорнының өкілі де өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, цифрлық технологияларды енгізу өндіріс тиімділігін арттыруға айтарлықтай ықпал етпек. Заманауи жүйелер өнім сапасын жақсартып, экспорттық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өкілі мұндай қолдау шаралары жеңіл өнеркәсіптің дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Сапар барысында дирекция мүшелері қаланың бірқатар ірі өндіріс орындарын аралап, кәсіпорын өкілдерімен арнайы кездесулер өткізді. Олардың қатарында «Ontustik Kagaz», «Әлем БТ», «Бал Текстиль», «Shymkent Temir» және «AQUA ROSSA» серіктестіктері бар. Делегация “Baal Textiles” кәсіпорнының өндіріс цехтарын аралап, тоқыма бұйымдарын шығару барысымен танысты. Компания өкілдері кәсіпорында заманауи жабдықтар мен цифрлық жүйелердің енгізілуі өнім сапасын арттырып, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Тараптар отандық өндірісті қолдау, экспорт әлеуетін арттыру және жаңа технологиялық шешімдерді енгізу бағытында өзара пікір алмасты

QazIndustry мамандарының “Baal Textiles” кәсіпорнына келуі Шымкент қаласындағы жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына серпін берді. Кездесу нәтижесінде кәсіпорынның инновациялық әлеуетін нығайту және өндірістік процестерді цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Бұл сапар отандық өнімнің сапасын арттырып, бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts