Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы үш жыл бұрын Астанада өткен алғашқы «Орталық Азия – Ресей» саммиті көпжақты форматтағы ықпалдастықтың жемісті бастауы болғанын атап өтті. Президент аймақ пен Ресей арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастықтың бірқатар өзекті бағытына қатысты ойымен бөлісті. Бірінші басымдық ретінде сауда және индустриалды қарым-қатынасты дамытуға тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тараптар сауда кедергілерін жоюды, өзара сауданы жандандыруды және тауар айналымы номенклатурасын кеңейтуді қолдайды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы бірлескен жұмыстардың мүмкіндігі көп екенін мәлімдеді. Ауғанстандағы ахуал өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті. Президент бұл елді өңірдегі экономикалық үдеріске тарту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Related Posts
-
БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН АРМИЯЛЫҚ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
36814 әскери бөлімінің құрылған күніне орай Шымкент гарнизонында армиялық қоян-қолтық ұрысынан күштік құрылымдар мен құқық…
-
ҚОС ОТБАСЫНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАҒАН ТІЛСІЗ ЖАУ
18 –ші қараша күні таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан…
-
ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Қытайдың «Zhongwei Xinneng» компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь өңірде…
-
МҰҒАЛІМ ТАҒДЫРЫ –САХНА ТӨРІНДЕ
Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келді. Труппа көрермен назарына драматург…








Добавить комментарий