Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы ірі халықаралық шара — «AGRITECH TURKESTAN & GROWTECH SHYMKENT» көрмесі өтуде. 8–10 қазан аралығында ұйымдастырылған көрме мен «Шаруа–2025» семинар-конференциясы агросектордағы жаңа технологиялар мен инновацияларды таныстыруды мақсат етеді. Іс-шараға Қазақстанмен қатар Түркия, Нидерланд, Қытай, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші компаниялары қатысуда. Бұл көрме ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және халықаралық әріптестікті нығайтуға зор серпін бермек. Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына арналған ірі халықаралық көрме өтіп жатыр. Іс-шараға еліміздің жетекші ғалымдары мен сала мамандары қатысуда. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы, Айтбаев Теміржанның айтуынша, көрменің басты мақсаты – жеміс пен көкөніс саласындағы жаңа технологияларды таныстыру және отандық тауар өндірушілердің үздік жетістіктерін паш ету. – «Мұнда өсімдік қорғау препараттары, тыңайтқыштар, гүл шаруашылығы және қайта өңдеуге арналған заманауи технологиялар таныстырылып жатыр», – дейді академик. Көрме ауыл шаруашылығы саласының дамуына жаңа серпін беріп, ғылыми жетістіктер мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына арналған халықаралық агротех көрмесі өтіп жатыр. Көрме аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары мен өнім өндірушілер өздерінің жаңа жетістіктерін таныстыруда. Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлтанбекова Сабираның айтуынша, бұл – ауыл шаруашылығы саласындағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі. Агротех көрмесінің маңызы өте зор. Бұл – Қазақстанның бірнеше өңірінен келген шаруалар мен ауыл шаруашылығына қатысты өнім өндірушілердің басын қосқан ерекше басқосу – дейді Сабира Сұлтанбекова. Көрме ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттырып, жаңа технологиялармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр.AGRITECH TURKESTAN & GROWTECH SHYMKENT көрмесі – ауыл шаруашылығындағы жаңа серпін мен тың идеялардың бастауы. Бұл шара еліміздің агроөнеркәсіптік дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.








Добавить комментарий