Ашық аспан астында ұлттық тағамдар әзірленіп,өнерлі өнерпаздар өз өнерлерін паш етті. «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дән мен Дәм Fest» гастрономиялық фестивалі қала жұртшылығына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ақ жаулықты әжелер дәстүрлі ас әзірлеу,табақ тартудың жасалу жолы мен дәстүрге байланысты тұстарына түсініктеме берді. Сондай ақ, күбі пісу, май шайқау, келі түю, бидай қуыру сынды ұлттық тағамдардан жәрменке ұйымдастырылып этно-мәдени қойылымдар мен халық әндері көрермен назарына ұсынылды.
Шымқала жұрты тағы бір мәрте қонақжай дәстүр мен дәмді тағамның үлгісін көрсетті.Фестиваль алаңына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тағам мерекесі әдетте көктем мен күз айларында өткізіледі. Себебі күз – дәнді дақыл пісіп, өнім молайып, қазақ дастарханы берекеге толатын мезгіл. Фестиваль аясында түрлі дәнді дақылдар қосылған ерекше ұлттық тағамдар әзірленіп, көпшілікке тарту етілді.
Дәмді тағамдар мен көңілді орта мерекелік атмосфера сыйлады. Ақ жаулықты әжелер мен қыз-келіншектер ыстық оттың басында нан жауып, құрт пен май дайындады. Көпшілік ұлттық тағам әзірлеудің қыр-сырымен танысып, қазақтың ас әзірлеу дәстүріне куә болды.
Айта кете йік фестиваль қонақтарына ыстық бауырсақ, құрт, май мен ірімшік таратылды. Келген жастар алтыбақан теуіп, көңілді уақыт өткізді. Шара барысында қазақы рухты әндер шырқалып, мерекелік көңіл-күйді арттырды.








Добавить комментарий