4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕН ШЫМКЕНТТІК ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛДЫ

Шымкентте 4 миллион теңге алимент төлемеген борышкер түрмеге қамалды.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасында 38 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты.Бұл Республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрауда.Соңғы сот үкімі бойынша 4 млн теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген прокуратура хабарламасында.Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts