Қазақ басшысының АҚШ-қа сапары нәтижелі болды десек болады. Ақ үйде қасым-жомарт Тоқаевқа жоғары деңгейде құрмет көрсетілді. Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Вашингтонға сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Айта кету керек, қазақ басшысының бұл сапары АҚШ Президенті Дональд Трамтың шақыруымен орын алды. Толығырақ тілші тарқатады.
Әлемнің назары Ақ үйдегі АҚШ пен Қазақстан Президенттерінің кездесуінде. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға бұл сапары нәтижелі болды. АҚШ Президенті қазақ басшысын өзі шақырған болатын. Ақ үйде өткен жылы кездесуде Тоқаев Трампқа қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін ризашылық білдірді. Сөзді Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатынан бастады.Оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын айтты. Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды. Екі жақты жылы кездесуден соң президенттер «ОрталықАзия-АҚШ» саммитіне қатысты. Бұл Ақ үйдегі тарихи кзедесу деген аға берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты. Тоқаевтың АҚШ-қа бұл сапарында авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар саласында 17млрд доллардың келісімдеріне қол қойылды.Тоқаев Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Жалпы, Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика, аса маңызды минералдар, өнеркәсіп, көлік, қаржы, жасанды интеллект, білім секілді негізгі салаларды қамтитын экономикалық әлеуеті жарты триллион доллардан асады.Сондай-ақ, АҚШ Президенті Қазақстанға келуім мүмкін деп айтып қалды. Тоқаев американдық компанияларды Қазақстанға инвестиция құюға шақырды. Елде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған.








Добавить комментарий