Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналисті ұстады.Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Related Posts
-
БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН АРМИЯЛЫҚ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
36814 әскери бөлімінің құрылған күніне орай Шымкент гарнизонында армиялық қоян-қолтық ұрысынан күштік құрылымдар мен құқық…
-
ҚОС ОТБАСЫНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАҒАН ТІЛСІЗ ЖАУ
18 –ші қараша күні таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан…
-
ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Қытайдың «Zhongwei Xinneng» компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь өңірде…
-
МҰҒАЛІМ ТАҒДЫРЫ –САХНА ТӨРІНДЕ
Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Шымкент қаласына гастрольдік сапармен келді. Труппа көрермен назарына драматург…








Добавить комментарий