ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында қаладағы өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар тыңдалды. Жауапты сала өкілдері баяндама оқып, алдағы жоспарлармен және шешуді қажет ететін мәселелермен бөлісті. Кеңес мүшелері ұсыныстарын айтты.

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу, теріс діни ағымдардың кері әсерін түсіндіру және рухани тұрақтылықты арттыру мақсатында шаһар аумағында жалпы саны 4126 іс-шара ұйымдастырылып, 605 мыңнан астам адам қамтылған. Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Білім басқармасы бірлесіп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ мектептерде 1078 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл кездесулер арқылы 251 мыңнан астам жас деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қазақстандық қоғамның құндылықтары туралы толық ақпарат алған.

Сонымен қатар,ауыз су құбырларының тозуына байланысты қалада жүйелі жұмыстар жалғасуда. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 2025–2026 жылдары жалпы ұзындығы 16,5 шақырым ауыз су жүйесін жаңартуды жоспарлап отыр. Оның ішінде келер жылы 12 шақырымға жуық, ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,5 шақырымға жуық құбыр ауыстырылған. Нәтижесінде, қазіргі тозу деңгейі 56,5  пайыздан 54,9 пайызға дейін төмендеп, екі жыл ішінде 1,5 %  жақсару күтіледі.Анықтамаға сәйкес, тозудың 50%-га дейінгі деңгейі — «жасыл» аймақ, 50-64% пайыз аралығы — «сары», ал 65%  жоғары көрсеткіш — «қызыл» деңгейге жатады.

Қоғамдық кеңес отырысының соңында сала өкілдерінің баяндамалары ішкі талқылаудан өтіп, ұсыныстар негізінде қажетті өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, жауапты мамандар көтерілген мәселелер бойынша өзара сұрақтарға жауап беріп, алдағы техникалық жұмыстардың нақты жоспары айқындалды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts