18 –ші қараша күні таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті.Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды.
ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.
Зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Екі ересек пен бір баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Үкімет вице-премьер Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы комиссия құрғанын хабарлады. Комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері кірді.







Добавить комментарий