Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған дене шынықтыру бағдарламасына суда жүзу сабақтарын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді.Үкімет отырысы барысында Дмитрий Баландин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін келтірді. 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып қайтыс болған, олардың 82 мыңы – 1-14 жас аралығындағы балалар.
«Бұл көрсеткіштер халықты жүзудің қарапайым дағдыларына және судағы қауіпсіздік ережелеріне үйретудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, суға жүзу сабағын дене тәрбиесі жүйесіне енгізу және оны мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ол. Федерация бас хатшысы Дмитрий Баландиннің айтуынша, бағдарлама пилоттық режимде 2026 жылы Алматы мен Астанада іске қосылады, кейін біртіндеп бүкіл елде жүзеге асырылмақ.








Добавить комментарий