ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  МЕДИЦИНАЛЫҚ АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ӨЗ ЖЕКЕ ҒИМАРАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Түркістан облысы облыстық клиникалық аурухананың  бұрынғы  қан орталығы ғимараты тегерімнен тегерімге өткізіліп, облыстық жедел  медициналық  жәрдем  станциясы КММ тарапынан  үнемделген қаржы есебінен толық  күрделі жөндеуден  өткізілді.  Нәтижесінде медициналық авиация  қызметі  өз жеке ғимаратына ие болды.

  Бұрын бұл ғимарат Түркістан облысы мединициналық  станциясының бөлімшесі санитарлық авиация  ғимараты болған,  ал қазір медициналық авиация  ғимараты болып қайта толықтай жаңғыртудан өткізіліп, ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Ғимараттық күрделі жөндеуден кейінгі ашылуына денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, медицина саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Түркістан облысында медицина саласына көрсетіліп жатқан көңіл мен қолдау арқасында санитарлық авиация және жедел медициналық көмек қызметтері айтарлықтай жақсарып келеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен медицина қызметінің сапасын арттыру үшін заманауи технологиялар енгізіліп, автопарк жаңартылды

Облыстық санитарлық авиация қызметінің автопаркі жаңа, соңғы үлгідегі бірнеше  көлікпен толықты. Осы көліктердің қатарында арнайы жабдықталған екі жаңа жедел жәрдем көлігі де бар. Бұл көліктердің ішінде жаңа туған сәбилерді тасымалдауға қажетті құрылғылар, атап айтқанда инкубаторлар, оттегі баллондары, дефибрилляторлар және басқа да маңызды медициналық жабдықтар орнатылған. Бұл шаралар шұғыл медициналық көмек көрсетуді және облыс орталығындағы емдеу мекемелеріне жедел көмек көрсету мүмкіндігін арттырады. Айта кетейік  Он айдың қорытындысы бойынша 1200 ге жуық шақыртулар  түсіп,  соның ішінде 700 азаматқа ота жасалған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts