ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕЙБІР СТАДИОНДАРДЫҢ ҚАҢЫРАП БОС ТҰРҒАНЫН АЙТЫП, СПОРТ САЛАСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет бизнестен тек пайда емес, қоғамға пайдасын тигізетін бастамалар күтетіні туралы айтты.Сонымен әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту ортақ міндетін екенін де атап өтті. Сондай-ақ отырыста кейбір стадиондардың қаңырап бос түрғанын, пайдаға берілген нысандарды дұрыс пайдалану қажет екенін де жеткізді. Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде еліміздің әр өңірінде спорт инфрақұрылымын дамытуға жүйелі түрде көңіл бөлініп жатыр. Мақсат – әр азаматқа спортпен айналысуға қолжетімді жағдай жасау және ауылдық жерлерде де заманауи спорт нысандарын салу. Сондай-ақ Олжас Бектенов жаңа стадиондардың бой көтеруімен қатар, пайдаға берілген  ғимараттарды да тиімді пайдалану мәселесіне де тоқталды. Соңғы жылдары елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы республика бойынша 90 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді, оның 61-і ауылдық елді мекендерде салынған Мемлекеттік шығындарды қысқарту мақсатында Бектенов әкімдіктерге жеке инвестицияларды тарту мен үлгілік жобаларды қолдануды күшейту қажеттігін атап өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts