Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымын 30 млрд долларға жеткізу мақсаты тұр. Қазақ-ресей қарым-қатынасын стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойылды.3 құжат бойынша келісім бар. Бұған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші елге мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілді. Біздің арна тілшісі Әселім Қалкен осы сапарды көзбен көріп, апта басынан бері Мәскеуден хабар таратып отыр. Назарларыңызға Мәскеу сапарының қортындысын ұсынамыз.
Қазақ басшысының осы аптадағы Мәскеуге сапарын екі ел сарапшылары жарыса талқылап жатыр.Біз көзбен көріп,құлақпен естіген жаңалығымызбен бөліссек. Көрші ақысы тәңір ақысы деді ме,көрші ел біздің президенттің аяғын жерге тиізбей күтті.Мәскеудің Внукова әуежайына келіп қонған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде Ресей үкіметі басшысының орынбасары Денис Мантуров қарсы алды. Әуежай ғимаратында қазақ басшысы ресейлік жастармен кездесті. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттері Тоқаевпен қазақша сайрай жөнелді. Ұлы Абайдың шығармаларынан да хабарлары бар екен. Тіпті қазақ әншілерінің әнін де жаттап алыпты. Шум
Айта кету керек, көрші елге Тоқаев Путиннің шақыруымен барды. Мәскеу көшелерінде қазақтың көк туы желбіреп тұр. Қазақстан Президентінің суреті де қойылған екен. Одан әрі қазақ-ресей президенттері бейресми форматта кездесу өткізді. БАҚ өкілдерінің алдына шыққан сәтте, екі ел басшылары маңызды мәселенің бәрі екінші күні талқыланытын айтып, Ресей Президенті Владимир Путин қазақ басшысын шәйға шақырды. ШумҚасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапарының екінші күнінде Кремль аумағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына барып, гүл шоқтарын қойды. Бұл жерде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің де сүйегі болуы ықтимал. Мәскеу қазақ президентіне қарсы алу рәсімінің барлық түрін жасады. Кремльдің 1838-49 жылдар аралығында салынған Георгий залында Тоқаев бастаған қазақ делегациясын қарсы алу шарасы өтті. Екі елдің туы қойылған. Қазақ-ресей үкіметтерінің мүшелері қаздай тізіліп, екі президентті күтіп тұр. Залға кірген Тоқаев пен Путин қол алып амандасқан соң, әнұран ойналды. Шум.
Одан кейін президенттер өздерін ынтағы күтіп тұрған министрлермен танысып, амандасып шықты. Дәл осы күні Орал қаласында қазақ-ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы өтіп жатты. Президенттер осы форумға онлайн режимде қатысып, оның маңыздылығына тоқталды.
Бұл шарадан соң Тоқаев пен Путиннің екі жақты келіссөзі және министрлер кабинетінің қатысуымен кеңейтілген келіссөзі өтті. Мәскеу сапарында қол қойылған 13 құжат бойынша алмасу болды. Оның ішінде Ақтауда АЭС салу мәселесі, теміржол көлік тасымалы, көлік қауіпсіздігі, ғарыш саласында, медицина, білім,экология салаларындағы екі жақты келісімдер бар. Қос Президент келіссөздер қортындысы бойынша қазақ-ресей қарым-қатынасын стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды. Екі ел басшылары тауар айналымын 30 млрд долларға жеткізу туралы уағдаластыққа тағы да тоқталды.
Еліміздің бас дипломаты Ермек Көшербаев мемлекет басшысының бұл сапарында көршімен арадағы біраз шаруа шешілді деп отыр.
— Үлкен жетістік. Жаңадан екі ел арасындағы ынтымақтастық жөнінде стратегиялық келісім жасалды. Өздеріңіз білесіз жағдай өзгеріп бара жатыр көріп отырсыздар. Біздің елде де, осы елде де жаңа ұрпақ өскен. Құдаймен берілген көрші. Қалай болмасын бірге тұруымыз керекпіз. Басқа жол жоқ. Оның арасында біз әрине өз пайдамызға ел үшін Қазақстанның даму мәселесін шешу керекпіз.Бұл жерде көп мүмкіндіктер бар.
Мемлекеттік сапардың ресми тұсының соңында Тоқаев пен Путин Мәскеудегі Үлкен театрға барып, қазақ өнерпаздарының гала-концертін тамашалады. Концерт соңында екі ел президенттері өнер жұлдыздарымен кездесіп ризашылығын білдірді.Тіпті Ресей басшысы Путин Роза Рымбаева бастаған өнерпаздарды алтынға теңеп, қазақша сөйлеп кетті. Шум
Осымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге маңызды сапары сәтті аяқталып, елге оралды.








Добавить комментарий