БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН АРМИЯЛЫҚ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

36814 әскери бөлімінің құрылған күніне орай Шымкент гарнизонында армиялық қоян-қолтық ұрысынан күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының қатысуымен дәстүрлі командир Кубогы ұйымдастырылды.Жарыс Шымкент қаласындағы Қажымұқан спорт кешенінде өтіп, нағыз тартысты әрі жоғары дайындықты талап еткен бәсекеге айналды.

Биылғы турнирге гарнизонға қарасты бөлімдерден және арнайы құрылымдардан құралған 8 команда, жалпы саны 77 спортшы қатысты. Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша өткізіліп, әр қатысушы өз бөлімінің абыройын қорғап, жоғары шеберлік танытуға тырысты.

Жарыстың жалпы нәтижесінде командалар арасындағы тартыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалық есеп бойынша бірінші орынды барлық салмақ дәрежелерінде үздік өнер көрсеткен 36814 әскери бөлімі жеңіп алды. Екінші орынға финалдық жекпе-жектерде мықтылық танытқан Шымкент қалалық «Арлан» жасағы лайық болды. Ал тұрақты техникалық дайындық көрсеткен 55652 әскери бөлімі жалпы есепте үшінші орынды иеленді.

Жарыс соңында үздік спортшылар мен командалар медальдармен, грамоталармен және Кубокпен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер әскери қызметшілердің шеберлігін арттырып қана қоймай, гарнизон бөлімдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts