Ұстаздардың кәсіби төл мерекесіне орай ”МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ” жарысында спорттың асық ату түрінен мектебіміздің мықты майталман ұстаздары АСЕТОВ НҰРЖАН, АБИШЕВ БАТЫРХАН, ЕРМЕКБАЕВ ДОСЫМЖАН ІІ ОРЫНДЫ иеленді.
Сіздерді ұлттық ойын — асық атудан аудандық жарыста ІІ орын алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс — тек жарыстағы шеберлік емес, ұлттық дәстүрге деген құрметтің, салауатты өмір салтын насихаттаудағы белсенділіктің айқын көрінісі.
Ұстаз ғана емес, өнер мен спортты қатар ұштастыра білген сіздердей жанашыр жандар — ұрпаққа үлгі.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа биіктер, сергек көңіл мен сарқылмас жігер тілейміз!









Добавить комментарий