Қазақстан мұнайдан түскен пайдадан ұтылып отыр. Шетелдік ірі мұнай-газ компанияларымен жасасқан келісім-шарттардағы еліміздің үлесі жайында ашық ақпарат жоқ. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның энергетика саласы әлі күнге дейін Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты ірі үш компанияның айналасына негізделген. Ел тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардың басында «ескі Қазақстанның» билігі шетелдік инвесторлармен мұнай саласындағы келісім-шарттарды жасағанда ел мүддесін аса назарға алмаған.
Қоғамда мұнайдың рахатын шетелдік компаниялар көріп жатыр. Қазақстанның үлесі жайында ашық ақпарат жоқ деген сыни пікірлер жиі айтылуда. Соңғы екі-үш жылда «Ақ жол» фракциясы бірнеше рет еліміде мұнай өндіріп отырған ірі шетелдік команиялармен Өнімді бөлу келісімдері (СРП / ӨБК) шарттарын ашып, олардың әділдігін тексеруді талап етіп келеді. Фракция 1990-жылдары жасалған келісімдерді ашуды, сондай-ақ оларда коррупция белгілерін тексеруді талап еткен депутаттық сауалдарын Үкіметке 5 рет жолдаған. Алайда, Назарбаев билігі бұл шарттардың құпиясы 2033-2041 жылдарға дейін ашылмайтындай етіп жасаған. Бұл келісімдерден Қазақстан ұтылып отыр дейді депутаттар.Ақжолдықтар үкіметтен Өнімді бөлу келісім-шарттарын e.gov порталында жариялауды, мемлекет үлесін арттырып, кемінде 50–51% қылып белгілеуді талап еткенді. Мұндай келісімдерді даулау оңайға түспейді. Коммерциялық құпиялар, инвесторлардың талабына қатысты халықаралық тәуекелдер, арбитражтан қорқу және бұрынғы келісімдердің ел мүддесіне қарсы болуы сияқты себептер бар. Сондықтан бұл мәселені инветсорды шошытып алмай, заңмен ретету керек дейді мәжілісмен Жаңбыршин.
Ал Қазақстан сирек кездесеін металлдарды өндіру жұмысын қолға алмақшы. Бұл орайда жерасты байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесіне кепіл бар ма? Өнеркәсіп министрі сирек кездесетін металлдарды өндіруде инвесторлармен келісім-шарттар ашық болады деп сендіреді.
Не керек, жоғарыда айтылғандай үкімет мұнай-газ саласындағы шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттарды жария ете алмай отыр. Сарапшылардың айтуынша, егер шарттардың толық мәтіні жариялanсa, мұнай компаниялары халықаралық арбитражға шағымданып, Қазақстан мұндай даулардан миллиондаған немесе миллиардтаған доллар шығындарға ұшырауы мүмкін.








Добавить комментарий