Абай облысының әкімі Берік Уәли «Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің жұмысымен танысты.Бұл заманауи орталық өңірде ақпараттық технологиялар саласын дамытуға, IT-мамандарды даярлауға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға зор үлес қосып келеді. Қазіргі таңда кластердің тұрақты серіктесі әрі негізгі қолдаушысы ретінде Әлихан Бөкейхан университеті ғылыми-білім беру және материалдық-техникалық тұрғыда жан-жақты қолдау көрсетіп отыр.
Аймақ басшысы кластердің инфрақұрылымымен және ондағы жас мамандар мен стартаперлердің қызметімен егжей-тегжейлі танысты. Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллект технологиялары негізінде жасалған бірқатар жобаларды таныстырды. Олардың қатарында қала өмірін цифрландыруға, денсаулық сақтау процесін жетілдіруге және өндірістік салаларды автоматтандыруға бағытталған шешімдер бар.
Берік Уәли IT саласының қарқынды дамуы өңірдің экономикалық және адами капиталын нығайтуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол кластер жұмысына оң баға беріп, әр бастаманы қолдайтындығын жеткізді








Добавить комментарий